№20 лицей – мектебінде 26.04.2013 жылы «Лицей жұлдыздарын жарқыратады!» атты дәстүрлі ата – аналар конференциясы болып өтті. Бұл - лицей ұжымының ата – аналармен бірлесе атқарған іс- әрекеттерінің қорытындысы түрінде жыл сайын сәуір айында өтетін үлкен мереке. Міне, бүгін де лицей өмірінің оқу және тәрбие үдерісіне оқу жылы бойына өз үлестерін қосып, белсенділік танытқан ата- аналар салтанатты түрде мадақтау қағаздарымен марапатталды. Конференцияның екінші бөлімі бойынша ата – аналар назарына «Лицей жұлдыздарын жарқыратады!» атты мерекелік концерт ұсынылып, лицейліктер ән, би, өлеңдерімен өз өнерлерінің сан қырын көрсетті. Мерекелік іс- шараға ата- аналардан басқа ИнЕУ өкілдері де қатысып, өздерінің жүрекжарды тілектерін білдірді.