Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жүйелі технологиялық білімді игеру – заманауи педагогтың педагогикалық шеберлігінің көрсеткіші және негізгі біліктілігі» атты педагогикалық кеңес.
30-04-2013 09:57
 «Жүйелі технологиялық білімді игеру – заманауи педагогтың педагогикалық шеберлігінің көрсеткіші және негізгі біліктілігі» атты педагогикалық кеңес.

 

        №20 лицей- мектебінде «Жүйелі технологиялық білімді игеру – заманауи педагогтың педагогикалық шеберлігінің көрсеткіші және негізгі біліктілігі» атты педагогикалық кеңес болып өтті.  Педкеңес үйретуші ғана емес, оқу жылы бойына мұғалімдердің қолданған іс- әрекеттерін саралаушы және іс- тәжірибе  тарату түрінде өтті.   Мектептің барлық  мұғалімдерінің  жұмыстарын қосып, мұғалімдердің шығармашылық (уақытша және үнемі) топтары ұйымдастырылды және мектептің әдістемелік жұмыстары бір бағытқа құрылды. Мектеп базасында мұғалімдерді инновациялық үдеріске қатыстыру үшін үйретуші семинарлар, ашық сабақтар, іс- шаралар өткізілді. Бұл педкеңес пән мұғалімдері әдістеме бірлестігі жұмысының қорытынды кезеңі болып табылады.

        Өткізілген педкеңес мына жағдайларға мүмкіндік береді:

- білім беру үдерісін ұйымдастыруда  педагогтардың заманауи білімденуін жүйелеу;

- пән мұғалімдерінің әдістеме бірлестігі жұмыстарының сараптамасын шығару және іс- тәжірибелерін  тарату;

- перспективалық технологияларды білім үдерісіне енгізу бойынша бағдарламалар дайындау.