Павлодар облысы әкімінің дарынды балалармен кездесуі.
«Достық» Үйінде облыс әкімі Ерлан Арын мектеп оқушыларының халықаралық және республикалық олимпиадалардың және ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздарымен кездесті, оның ішінде №20 лицей- мектебінің 11М сынып оқушысы Асқар Әсел де болды. Ерлан Арын балаларға «Дарын – 2013» белгісі мен естелік сыйлықтар табыс етті.