"Қазақ тілінде сөйлейміз" акциясы
"Қазақ тілінде сөйлейміз" акциясы аясында мемлекеттік тілде емес оқитын 8-11 сынып оқушыларына "Тіл байлығы" сайысының тапсырмалары табысталды. Оқушылардың сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын дамыту мақсатымен жинаққа сөзжұмбақ шешу, тұрақты тіркестердің мағынасын ашу және мақал-мәтелдерді толықтыру деген тапсырмалар енді. Сайыс қорытындылары аптаның соңында белгілі болады.