"Ұлыбританияны танисың ба?"
20 қыркүйек күні 10 М сынып оқушылары арасында "Ұлыбританияны танисың ба?" атты ағылшын тілінде викторина өткізілді. Шараны өткізу мақсаты: өткен материалды қайталау, оқушылардың дүниетанымын кеңейту,ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын ояту. Оқушылар шараға белсене қатысып, өз білімдерін көрсете білді. Викторина жеңімпазы Кульбаева Камила атанды.