Қазақстандықтар ҚР Тұңғыш Президенті күнін атап өтеді.
2012 жылғы қыстың бірінші күні Қазақстан халқы үшін тағы да бір мереке және демалыс күні болды. Осы жылдан бастап Республикада 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күні аталып өтеді.
Мереке күнін таңдауға тарихи алғышарт және негіз болған 1991 жылғы 1 желтоқсанда болған оқиға еді — тұңғыш жалпыхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ КСР Президенті қызметіне қайта сайланды. Ол жалғыз кандидат болып, 88,2 % дауыс берген сайлаушылардың 98,7 % дауысымен жеңіске жетті.