№20 лицей-мектебінде 2014-ші жылдың 11 қаңтарында " ҰБТ-ға дайындық кезеңіндегі мәселелерді шешудің жаңа тәсілдері" семинар өтті. Семинарға Ертіс ауданынының мектептерінен 16 физика және математика пәнінің мұғалімдері қатысты. Семинар бағдарламасында келесі сұрақтар қаралды:
I Ұлттық бірыңғай тестілеу: мәселелер, шешу жолдары (Г.Т. Топанова-директор).
II №20 лицей-мектебінің ҰБТ мониторинг жүйесі мен нәтижелер болжамы ( Р.Т. Сулейман- ОБДО).
III Коучинг " Сынып түлектерінің актуалды білім игеру әдіс-тәсілдері ". ( Б.М.Бисмильдинова - үшінші деңгейлі мұғалім).
IV Технологиядан тереңдету сабақтары (Т.И Харитонович-математика мұғалімі, Г.М. Молдабаева- физика мұғалімі).
V ҰБТ-ның тренинг материалдарының электрондық базасының презентациясы. (А.К. Жиренова, М.А. Саханова-информатика мұғалімі).
Семинар кезінде лицей-мектебінің пән мұғалімдері 11 сынып оқушыларымен жұмыс істейтін өздерінің ҰБТ-ға дайындық әдіс-тәсілдерімен Ертіс ауданынан келген әріптестерімен бөлісті.