Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
27 қаңтарда № 20 лицей-мектебінде « Вариативті білім ордасын ұйымдастыру шарты бойынша білім жүйесіндегі барлық қатысушылардың әсері негізінде лицейлік білім сапасын көтеруді қамтамасыз ету» атты педагогикалық кеңес өтті
07-02-2014 06:12
27 қаңтарда № 20 лицей-мектебінде « Вариативті білім ордасын ұйымдастыру шарты бойынша білім жүйесіндегі барлық қатысушылардың әсері негізінде лицейлік білім сапасын көтеруді қамтамасыз ету» атты педагогикалық кеңес өтті

27 қаңтарда № 20 лицей-мектебінде « Вариативті білім ордасын ұйымдастыру шарты бойынша білім жүйесіндегі барлық қатысушылардың әсері негізінде лицейлік білім сапасын көтеруді қамтамасыз ету» атты педагогикалық кеңес өтті

Мақсаты: Вариативті білім ордасының сапасын көтеру бағытында, ( топтық жұмыс,таңдау бойынша курстар,факультативтер,спецкурстар) сабақтан тыс әрекеттерін ұйымдастырудағы шарттарды қарастыру

Міндеттері:

1. Мектеп оқушыларының құзыреттілігін, сауаттылыққа бағыттау,әлеуметтік-мәдени және басқа инновациялық тәжірибелер,шығармашылық-танымдық, жобалық, біліми-зерттеуді енгізу арқылы лицейлік-компоненттен және вариативті курстартарды дамыту

2.     Психология-педагогикалық көмек көрсету арқылы дарынды балаларға жеке-дара жұмыс жоспарын енгізу

     Қазіргі әлемде жаңаны зерттеу және құрастыру мәселесі,  білім саласындағы жаңашыл талаптарға өте күрделі.  Білімнің дамуының міндеті білім ордасын жобалау, білім жүйесінің барлық тұлғаларының өзіндік дамуына мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Педагогикалық кеңеске дайындалу барысында педагогикалық кеңестің шешімі мен міндеті шешуге бағытталған диогностикалық,әдістемелік шаралар бірқатар ұйымдастырушылық жұмыстар өткізілді

    Педагогикалық кеңесті өткізбес бұрын  мынадай құрамды талапты мүшелер анықталды: Р.Т.Сулейман, А.Б.Алдабергенова, М.О. Жакупов, Б.М. Шажанқанова, Н.С. Остапенко. М.С. Бокаева, Д.С. Айгумусова, К.А.Оразалинова.

Мектеп-лицейдің педагогикалық кеңесінің тақырыбы  ИнЕу ректораттарын, Педагогикалық Академиясын, ИнЕУ кафедрасының оқытушыларын қызықтырғанын  атап айтуға болады.

( ағылшын филология кафедрасы) К.А.Оразалинова, (физика кафедрасы) Д.С. Айгумусова, (математика кафедрасы) бас оқытушы  М.С. Бокаева,  ИнЕУ проректоры, педагогикалық ғылым докторы  Б.Д. Каирбекова педагогикалық кеңестің жұмысына белсенді қатысты

Педагогикалық  кеңестің тәжірибелік бөлімі  екі күн өтті.  Ашық спецкурс сабақтары, таңдау бойынша курстар,үйірмелер және клубтардың дамытушылық компоненті жаңа шешім және ойларды іздену процесіне белсенді кірісу сабақ барысындағы оқушылардың өзіндік қызығушылығы, сабақтың зерттеушілік бағытымен ерекшеленді.

Тәжірибелік бөлімнің материалдары бойынша фильм түсіріліп, фильм кейіпкерлерінің қатысуымен « минуттық атақ» көрсетілді.

Ұсынылып отырған «Лицейлік және вариативтік компонент курстарының оқытылуы» атты кішігірім анкетамыз лицеистерді қызықтырды. 8-11 сынып оқушыларының 153-і  10 сұраққа жауап берді, күтілген жауаптың нақтылығы өсіп отырды.

  Алдындағы 5 сұрақтың дайын жауабы болса, 6 сұрақтан бастап өз жауабыңды беру керек болды. Мысалы:

1.     Қандай спецкурстар пәнге деген қызығушылықтарыңызды ашты?

2.     Қандай спецкурстарды  өте маңызды деп есептейсіз?

3.   Қандай спецкурстар болашақтағы мамандықты таңдауға әсерін тигізді?

4.  Қандай спецкурстар басқа сабақтардан өткізілу жүйесімен ерекшеленеді?

5.     Қандай спецкурстарды басқаға ауыстырар едіңіз? ( ұсыныс)

Лицейдегі   вариативті білім ордасын ұйымдастыруда жағдаяттар пайда болды.  Осындай педагогикалық кеңестің қатысушылары өздерінің сөздерінің лицейдің жаңашыл әрекетінің тәжірибелік жағын жақсы бағалады.  

Вариативті және лицейлік компонентті қызықты және пайдалы курстар деп санаса,онда жүкпе көптілігі ең негізгі проблема болып шықты.

Анкетаның қорытындысы бойынша сұрақ қойылғандардың  96%-ы өздерінің білім мазмұнын өзгерткісі келеді.

Лицейистердің өздері сұрақ қою барысында   I  жартыжылдық қорытындысы бойынша анкетадан өткендердің  86% -ы  « Үздік спецкурс» деп

«Математиканы» таңдады.

Педагогикалық кеңестің негізі 2013-2014 оқу жылындағы I жартыжылдық рейтингінің қорытындысы болды.

Ең жоғары ұпай жинап I орынға ие болған М.О.Жакупов, екінші орын орыс тілі мұғалімі Н.С. Остапенко, үшінші орынды екі мұғалім бөлісті, математика мұғалімі Т.И.Харитоновия, қазақ тілі мұғалімі Б.М. Шажанканова. Педагогикалық кеңестің қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар ұсынылды:

1. Вариативті және лицейлік компоненттердің мазмұны оқушыларды қанағаттандыруын қарастыру;

2. Жалпы орта білімдегі  жаратылыстану-математикалық профильдің құзыреттілік шарты бойынша қатынастық және өзгеұлттылықты дамыту; 

3. Лицей оқушыларының құзыреттіліктерін құрастыру бойынша математика пәнінің мұғалімі Т.И. Харитоновичтің жұмыс тәжірибесімен алмасу;

4. 2010-2015 жылдарға № 20 лицей-мектебінің даму бағдарламасының анализін құрастыру.