Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Физика әлеміне саяхат
24-02-2014 20:15
Физика әлеміне саяхат

Ақпанның 15 жұлдызында Инженерлік академияның «Энергия үнемдеу технологиялары» кафедрасының «Физика» мамандығы бойынша білім алатын студенттер 20-лицей оқушыларымен физика әлеміне қызықты саяхат жасады.

Көп жағдайда теориялық білімі бай оқушылар практикада ол білімдерін қалай пайдалануды білмей жатады. Бұл күні студенттер тәжірибелер жасап, оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын нығайтқаны анық.

Алдымен мектеп оқушылары әйгілі физиктер жайлы, ғылымда өшпес орны қалған ғалымдар жайлы ақпарат алды. Ал «Ойлан тап» бөлімінде қарапайым құбылыстардың шығу себебін білді. Әсіресе Дуан Әйгерімнің «Суық темірге еріндеріміз неге жабысады?!» деген сұрағына жауап барлық оқушы жастарды қызықтырғаны анық. Себебі ондай құбылыс әрбір тентектің өмірінен өткен болатын. Парафинді моторды іске қосу және ол мотордың не себепті болатынына оқушылар өздері жауап бере алды. Бірақ та сағыз оралған қағаз және батарейка арқылы отты қалай жағуға болатыны олардың үш ұйықтаса түсіне кірмес еді. Ондай маңызды білімді Каршибаев Бахриддин оқушылармен бірге жасап көрді.

Сүттегі түстердің жарылысы ең әдемі және сұлулықты сүйетін қыздарға ерекше ұнағаны анық. Сарсенова Мадина мен Дуан Әйгерім осы тәжірибені үйде-ақ жасауға болатынын атап өтті. Суреттерден жыландарды көрсе де, «фараон жыланы» аталған құбылысты бұл сабақта алғаш көрді оқушылар. Ол жылан кальций оксидін жаққанда пайда болатынын енді біле жүреміз десті.

Физика айналамыздағы қоршаған орта туралы ғылым. Теориялық емес, негізінен практикалық білімге бағытталған ғылым. Бұл сабақта оқушылар осы бір қағиданы тағы да бір түсінгендей. Сабақтан тек оқушылар ләззат алған жоқ, сондай-ақ бір апта қобалжыған студенттер де үлкен сезімге бөленді. Себебі біздер үшін бұл сабақ алғашқы тәжірибеміз, ұстаздық жолдағы алғашқы қадамымыз. Ал үлкен жолға бағыт берген Дина Саянбековна Айгумусоваға біздер шексіз ризамыз және ары қарай да осындай дәрістерді беруге ынтамыздың көбейгенін сабақ аяқталысымен әрбір студент атап өтті.

Айта кетерлік жайт – бұрындары осындай сабақтар орыс тілінде жүргізілген болатын. Бұл сабақ – қазақ мектептеріне арнайы жүргізілген алғашқы сағат. Ендеше, елге білікті маман керек екенін естен шығармаған студенттердің алар асуы әлі алда деп сенейік.

ЕРНАР СЕЙТАХМЕТ,
«Физика» мамандығының
2-курс студенті