Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тіл апталығының қорытындысы
30-09-2014 03:48
Тіл апталығының қорытындысы

   “Өнер алды –қызыл тіл” деп халқымыз айтқандай, сөйлей білуде үлкен өнер. Таза ұлттық тілімізде мәдениетті, нақышты, жүйелі сөйленген сөз тыңдаушысын ешқашан да жалықтыпмайды.

     Қазіргі мәдениетті, жан-жақты білімді жастарымыздың ақыл-ой көрінісі – әр сөзді өз орнына жұмсап, мағыналы сөйлей білуі–заман талабы. Сондықтан да сөйлеу мәдениетіне қай кезде де ерекше мән берілген, қай халық болса да қатты қастерлеген.

    Бұл ретте К.Паустовскийдің: “Әрбір адамның өзінің ана тіліне деген көзқарасына қарап, оның мәдени дәрежесіне ғана емес, сонымен бірге азаматтық қасиеті жөнінде де мүлтіксіз баға беруге болады. Өз Отанына деген махаббат өз ана тіліне деген шынайы махабатсыз болуы мүмкін емес”, - дегенін еске алсақ, әр адамның өз ана тіліне деген құрметі арта түсер еді.

   Тіл-адамның барлық саналы өмірінің құралы: өнер-білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды ол тіл арқылы үйренеді. Тіл, оның ішінде, қазақ тілі де, халықтың барлық іс-әрекетінің, қарым-қатынасының құралы болғандықтан, оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру-әрқайсымыздың борышымыз.

    Тіл тазалығы үшін күрес–тіл мәдениеті үшін күрес. Сондықтан да оқушылар тіл тазалығын сақтауға,тіл мәдениетін игеруге, әдепті, келісті, мәдениетті сөйлеуге үйренуі керек. Халықтың ауыз әдебиетін, әсіресе мақал-мәтелдерді, шешендік сөздерді көп білуге, оларды орынды қолдана алуға, өзіндік сырын, мән-мағынасын тани білулері тиіс.

  15-22 қыркүйек аралығында  барлық мектептерде Тіл апталығы  ұйымдастырылып, жоспар  бойынша барлық шаралар өз мәнінде  өтілді.

     Ең соңғы   күні Тіл апталықтың  жабылуы  жиын түрінде  өтті. Жиынның  басында Қазақ тілінде  10 К сынып оқушысы Киреева Айнур, орыс тілінде 10 А сынып  оқушысы Топанова   Жанель  және ағылшын  тілінде 10 А сынып   оқушысы Мусалиева Асель тілдің маңыздылығы  туралы ойлармен   бөлісті. Тіл  апталығына  байланысты апталықтың  қорытындысы  бойынша   оқу-ісінің  жөніндегі директордың орынбасары  Сулейман   Р.Т. өткізілген  шаралар бойынша қорытынды талдау  жасады. Мәшһүр  Жүсіп   оқуларында  «Жас талап» номинация  бойынша  орын алған 10 К сынып  оқушысы Киреева Айнұр «Бес   қымбат» өлеңін мәнерлеп жатқа айтты. Жиынның  соңында  орын алған  оқушылар мақтау грамоталарымен  және тәтті  сыйлықтармен марапатталды.

Ұлының ұлағаты

 10 К сынып оқушысы Киреева Айнұр

 

Қазақтың Мәшһүр атты ақыны бар,
Бүкіл әлем паш еткен тірегі бар.
Өзіңсің тұлғалардың биігі де,
Аспанда жұлдыз болып жарқыраған.

Ұлысың ұлағатты, шоқтығы биік,
Өсиетінен ғибрат аламыз ойға түйіп,
Маржандай төгілетін жырларынды,
Ұрпағың қадір тұтар, оқып сүйіп.

Сүзіп алар көңілден сырларымды,
Сүйіп оқып жүремін жырларыңды.
Оқығанда ұғамын лезде, жыр ғып
Жазып қойған қағазға сырларыңды.

Тұнығына шомылып жыр дәптердің,
Саған, ата , мұңымды жырлап келдім.
Шабыттың шекер дәмін аспандағы ,
Жұлдыздардың демінен ұрлап келдім.

Мәшһүр болдын бар әлемге даңқты,
Сенің ұлылығыңды таң ұқты.
Дүниені жырға қосып өлеңмен
Әлдиіне бөлеп жүрдің халықты.

Жырларына зейін қойып қарасақ,
Сені ұлы бір ақын деп санасақ.
Бал таматын жырларынан әлі де,
              Шекер ішіп жүреді әлі болашақ.