Мектепішілік олимпиада
2014 жылдың 3 қараша күні № 20 лицей-мектебінде оқушылардың білім мен біліктіліктерін анықтау барысында мектепішілік олимпиада өтті. Олимпиадаға оқушылар өз таңдауы бойынша пәндерге бөлінді. Пәндерді өз кабинеттерінде емес басқа пән кабинеттеріне отырғызды. Олимпиада екі бөлімнен өтті. Оқушылар екі пәннен таңдап, бөлінді. Қазақ тіліне 50 оқушы, ағылшын тіліне 32 оқушы, орыс тіліне 40 оқушы, алгебраға 40 оқушы, физикаға 28 оқушы, химияға 31 оқушы, АҚҚ 6 оқушы, тарихқа 29 оқушы, биологияға 38 оқушы қатысып өз күштерін сынады. Олимпиада ойдағыдай өтіп, оқушылар ішінен күштінің күштілерін анықталып , жүлделі орын алғандар қалалыққа жолдама алады.