ЖИТС және АИТВ алдын алу бойынша бесминутық ақпарат

Бүгін № 20 лицей – мектебінде «ЖИТС және АИТВ инфекциясының алдын - алу» тақырыбына бесминуттық әңгіме өткізді. Мақсаты: адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі АИТВ, ЖИТС дертінің алдын-алу, оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Оқушылар ЖИТС-ның жұғу жолдарымен және олардан сақтану, қорғану туралы ақпарат алды. Сонымен қатар оқушылардың ЖИТС – туралы қаншалықты білетінін анықтау үшін сауалнама жүргізілді. Жалпы берілген ақпарат оқушыларға өз өмірлері жайлы ойланып толғануға түрткі болады деп ойлаймыз.
