Жыл сайын № 20 лицей-мектебінің оқушылары дистанционды Қазақстан Интернет олимпиадасына белсенді қатысып, жүлделі орындар алды. Дистанционды олимпиадалардың негізгі мақсаттарымен және міндеттері дарынды оқушыларды анықтап, қолдап интеллектуалды сайыстарға қатысуға ынталандыру. Осы олимпиада дайындығымен және қатысуына лицейлықтар мен пән мұғалімдері үлкен жауапкершілікпен қарайды. 2016 жылдың 8 қарашасында ҚИО ағылшын тілінен олимпиада қорытындысы жасалды.10 сынып оқушылары Сабина Байгожина (37 ұпай) және Дильназ Дюсенбаева (36 ұпай) I дәрежелі дипломын жеңіп алды. Республикалық рейтингте 10-11 сынып оқушылары I және III , ал Павлодар облысы бойынша I және II орын алды. Қатысушылардың айтуы бойынша бұл олимпиада пәнді терең оқуға, сыни және логикалық ойлауын дамытуға мүмкіншілік береді. Оқушылар келешекте жеке жиналған рейтинг нәтижесі бойынша олимпиаданың жоғары көрсеткіштерін алуға армандайды.
Қазақстан Интернет олимпиадасының дистанционды қорытындысы жасалды.