СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ
Күзгі демалысын лицей оқушылары ұтымды өткізді. Мұғалімдер оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануға өте қатты мән береді. Бүгін, лицей-мектепте «Спорт және Денсаулық сақтау» күні өтті. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Айтжанов А.К. Кенченбаев Е.Ж. 8, 9, 10 сыныптар арасында шағын-футбол және тенистан 10 сыныптар арасында сайыстар өткізілді. Байқау барысында оқушылар жарысқа белсенді қатысып, серпіліп қалды. «Спорт және Денсаулық» күнінің нәтижелері мектеп оқушыларының жиынында марапатталады.