Павлодар қаласы Естай атындағы Мәдениет сарайында Павлодар қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туған күніне орай «Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі» атты дәстүрлі байқау 28 қазанда 2016 жылы өтті. Байқауға 15-35 жас аралығындағы жас ақындар өлең-жырымен сайысқа түсті. Сайысқа қала мектептерінің оқушылары мен колледждердің, ЖОО студенттері және Қалалық Кәсіпорын мекемелерінен де қатысты.
Шараның негізгі мақсаты – Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығын насихаттау.
Байқауға әдеби шығармашылық қабілеті бар 30 үміткер өнер көрсетті. Жастар ақынның «Қамар сұлу», «Кім жазықты?» романдарынан сахналық көрініс қойып, «Кедей», «Адасқан өмір», «Айтыс», «Таныстыру» секілді поэмаларынан үзінді оқыды, сауалдарға жауап берді. Байқау нәтижесінде №20 лицей-мектебінің 9«Қ» сынып оқушысы Төлеулі Ғазиз «Асау жүрек» аталымы бойынша марапатталды. Шара жеңімпазына бағалы сыйлық табыс етілді. Төлеулі Ғазиз осындай сайысқа бірінші рет қатысып үлкен марапатқа ие болды. Ғазиздың шығармалары жарқын да, мәнерлі болды.
Жүлдегерлер 29 қазанда Баянауыл ауданы, Торайғыр ауылына саяхатқа шығып, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың зиратына барып, рухына тағзым етті.
Жүлдегерді дайындаған жоғары санатты қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Меруерт Сабитовна Шоманова.