№ 20 лицей мектебінде қамқоршы күні

Біздің елде жыл сайын қамқоршы күнін атау керемет дәстүрге айналды. Бұл мереке жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды қамқорлығына алған адамдарға арналған. Апта бойы №20 лицей-мектебінің оқушылары осы дәстүрге арналған шараларға қатысты: «Менің отбасымның дәстүрлері» атты шығармалар, «Менің отбасым - Қазақстан» атты суреттер сайыстарын өткізіп, «Менің жанұямның тарихы» атты презентация жасады.29 қазан күні қамқоршы Бакытгул Жексеновна Тизикпаеваны құттықтап, балаларға жүрек жылуын арнаған үшін алғыстарын білдірді. Бакытгул Жексеновнаға сыйлық пен гүлдер сыйлады.