Бүгін №20 лицей– мектебінде «10 қазан- Дүниежүзілік психологиялық денсаулықты сақтау» күніне орай педагог – психолог Д.С.Баильдинова, 9–сынып оқушыларына «Өмір мен сені сүйемін», «Психологиялық денсаулықты калай сактау керек?» атты психологиялық тренингтер өткізді. Тренингтің мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынсқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру. Сонымен қатар оқушыларға адамдар арасындағы қарым - қатынастың мәнін түсінуге, өз бойындағы жағымды қасиеттерін білу, психикалық денсаулықты сақтауға бағытталған. «Көңіл-күй көтеріңкі болу үшін не істеу керек?» туралы ұсыныстар берілді. Тренингке оқушылар белсенді қатысып, ерекше көңіл – күйге бөленді.
10 қазан – Дүниежүзілік психологиялық денсаулық сақтау күні