Коучинг-сессиясы

№20 лицей-мектебінде 27сәуір күні «Тарих сабағында сыни-тұрғысынан ойлау технологиясы» атты коучинг-сессиясы өткізілді. Бұл шараға Павлодар қаласы мектептерінен 12 тарих мұғалімдері қатысты. Кездесу барысында ұстаздар, балалармен жұмыс ұйымдастырудың, сыни-тұрғысынан ойлау теорияларымен түрлі стратегиялары және тәсілдердерімен танысты. Практикалық бөлімінде педагогтар Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар орындады. Рефлексия кезінде мұғалімдер, коучинг-сессиясы туралы жақсы ой-пікірлерін білдіріп, осы шараны өткізген, тарих мұғалімі Е.Т.Марзатаевқа, алғыстарын айтты.