«Достық қолшатыры» атты сайыс-көрмесі

Қазақстан халқының Бірлік күні аясында Гагарин саябағында «Достық қолшатыры» атты сайыс-көрмесі өтті. Сайыскерлер қолшатырды әртүрлі сәндік материалдармен көрікті әшекейлеп, таныстыруы қажет. Бәсекелестік өте қатал болды: айнала бірегей дизайны бір-біріне ұқсас емес қолшатырларға толы. Әр қолшатырдың әшекейленген түрі көрермендерді қуантып,таңқалдырды. №20 лицей-мектебінің оқушылары да қалыспады, олар өздерінің шығармашылық белсенділігімен, шеберлігін көрсетіп, диплом иегерлері атанды.