«АИТВ инфекциясының алдын алу»

Бүгін № 20 лицей – мектебінде Павлодар облысының ЖИТС – ты алдын алу және күресу орталығының қызметкерлері «АИТВ инфекциясының алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді. Кездесудің мақсаты адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі АИТВ, ЖИТС дертінің алдын - алу..Салауатты өмір салтын қалыптастыру.Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу. Оқушылар АИТВ, ЖИТС – тың жұғу жолдарымен және олардан сақтану, қорғану туралы ақпарат алды. Сонымен қатар оқушылардың АИТВ, ЖИТС – туралы қаншалықты білетінін анықтау үшін сауалнама жүргізілді. Жалпы берілген ақпарат оқушыларға өз өмірлері жайлы ойланып толғануға түрткі болады деп үміттенеміз.