Телефон доверия
8-(7182)22-04-10
Адрес: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
«Алғыс айту парызым»
01-03-2016 11:57
«Алғыс айту парызым»

Бүгін № 20 лицей-мектебінде 1-наурыз күні «Алғыс айту парызым» атты біріңғай сынып сағат өткізді. Оқушылар 15 қаңтар Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» жарлығымен танысты.

Сынып сағатында оқушыларға тақырыпқа сай бейнефильмдер көрсетілді, балалардың өмірде кездесетін жағдайларға қарай ризашылық білдіруге, алғыс айтуға дағдыландыру мақсатында сахналау ұйымдастырды. Оқушылар «Сіз тағы да кімге, неге рахмет айтар едіңіз?» сұрағына Анаға – өмір үшін, әкеге – қорған болған үшін, досқа – құшағы мен иығы үшін, күнге – шағы мен назары үшін деп өз ойларын білдірді.

Сынып сағаты «Жүректен – жүрекке» деген жаттығумен аяқталды. Оқушылар бір – біріне, жолдастарына жылы лебіздерін білдіріп, өздері жасаған жүрекшелерді сыйлады.