18 ақпан күні № 20 лицей-мектебінен 11К сынып оқушылары Жүсіпбек Аймауытов театрында «Адасқандар» атты қойылымға барып, тамаша қойылған сценаридың куәсі болдық. Театр өнерін ұнататын оқушылар мен студенттер қойылымды тамашалады. Бұл терроризмге қарсы, отбасындағы ынтымақтастық идеясын көтеретін, бүгінгі ұрпаққа көп әсер қалдыратындай пьеса. Бұл күнде, тіпті, ең тасжүрек дейтін адамдардың өздері де жылап жібергені рас. Жүректі тебірентті, көңілімізден шықты. Бір күнімізді тетрға барумен өткізгенімізге қуаныштымыз! Ең бастысы, бұл пьесаны жазған жазушымен кездестік, әдебиет қауымы үшін бұл өте қуанышты болғаны сөзсіз. Бұл біздің Кереку өңірінің ең үздік труппасының, ең үздік қойылымы десек те артық емес. Театрға барыңыздар, театрды көріңіздер!
Театрға барыңыздар, театрды көріңіздер!