Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Достық жылы күлкіден басталады» тренинг-сабағы
09-02-2016 01:56
«Достық жылы күлкіден басталады»  тренинг-сабағы

Бүгін № 20 лицей-мектебінде «Өзін-өзі тану» апталығының басталуына орай мектеп психологімен 10 сынып оқушылары аралығында «Достық жылы күлкіден басталады» атты тренинг-сабағы өткізілді.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортаны қорғауға, коммуникативті өрісті дамытуға баулиді.Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Тренинг сабағы – әртүрлі амандасу дәстүрлерін пайдаланып, сәлемдесуден басталды. Оқушылар көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен амандасты.

Келесі жаттығу «Шетел тілі» деп аталды. Оқушылар топқа бөлініп, оларға жаттығу шарты қойылды. Барлық дауысты дыбыстардың орнына басқа дыбыстар қою. Оларға өлең шумақтары беріліп, әр топ өлеңді басқа тілдерде айтып көрді.

Тренингтің соңында оқушылар өздеріңе ұнайтын түсті таңдап алып сол қағаздан жүрек пішінін қиып жылы тілектер жазып, қалаған оқушыға сыйлады.

Tренингке – оқушылар белсенді қатыстысып, бір-біріне деген жылы, достық сезімдерін білдірі, сабақ көңілді өтті.

photovisi-download (4)