Тарих және құқық білімдер бойынша декаданың қорытындысы болды

Бүгін Павлодар қаласының № 20 лицей-мектебінде тарих және құқық білімдер бойынша декаданың қорытындысы болды. Декада бойы қызықты және интеллектуалдық тақырыпта бірнеше шаралар өтті. Атап айтқанда, «Брейн- ринг», «Фортуна дөңгелегі» атты интеллектуалдық-патриоттық ойын оқушының дүниетанымын кеңейтетін мақсатта «Жұлдызды сәт» деген ойын 11 А және 11Б сыныптар команда арасында өтілді. Ең белсенді және көзге түскен оқушылар мен жеңімпаздар декада соңында мақтау грамотамен және дипломмен марапатталды.