№ 20 лицей-мектебінде 10 Қ сыныбында аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы орай «Алаш аманаты - Тәуелсіздік» атты сынып сағат өтті. Сабақтын мақсаты: оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу. Сынып сағат барысында оқушылар Әлихан Бөкейханов туралы басқа ақындардың айтқан нақыл сөздерімен танысып, жан – жақты талдау жасады. Сонымен қатар Әлихан Бөкейхановтың бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметін қарастырды. Жалпы сынып сағатынан оқушылар өздеріне көптеген үлгі өнеге алып, жақсы көңіл – күймен қайтты.
«Алаш аманаты – Тәуелсіздік».