2016 жылдың 23 қаңтарында тарих және құқық декадасы аясында,тарих пәніне қызығушылығын көтеріп, Қазақстан тарихынан білім өрісін кеңейту,отаншылдық және ұжымшылдық сезімін тәрбиелеу мақсатымен 8,9 сыныптар оқушылары аралығында брейн-ринг өткізілді.
Брейн – рингқа екі «Жеңіс», «Алаш» командалары қатысты.Ойын кезінде екі команданың оқушылары тарих, география, қазақ халқының әдебиет және мәдениетінен білімдерін көрсетті. «Менің Отаным Қазақстан» атты шығармашылық сайысының таныстыру рәсімінде ой – өрістерінің әдеби бейнелілігі мен біліктіліктерін дәлелдедеп, музықалық сүйемелдеме жасады. Жанкүйерлер командаларымен блиц-сұрақтар арқылы жатттығу өткізілді.
Өткізілген брейн-ринг нәтижесінде «Алаш» тобы I орынды ұтып алды, II орынға «Жеңіс» тобы ие болды.