Тілдер айлығы аясында 17 қыркүйек күні 9 А сыныбында « Орыс тілінің білімпаздары» атты ойын өткізілді. « Грамотеи» және «Умники» командалары өзара сөзжұмбақ шешу, ребус құрудан, мақал-мәтелдер айтудан сайысқа түсті. Бұл сайыста «Грамотеи» командасы жеңіске жетті. Мұндай шаралар оқушылардың жан-жақты ойлау қабілеттерін дамытуға, белсенділіктерін танытуға, орыс тіліне деген қызығушылықтарын байытуға жетелейді.