Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қымбатты балалар, құрметті ата-аналар, әріптестер!
09-07-2015 04:56
Қымбатты балалар, құрметті ата-аналар, әріптестер!

Қымбатты балалар, құрметті ата-аналар, әріптестер!

Міне кезекті оқу жылы да аяқталды, емтихандардың бәрі артта қалып, алда көптен күткен жаз келді! Әркім жазғы демалыста басқа қалаларға, шетелдерге барады. Бұл кезең демалуға, денсаулықты жақсартуға, шынығуға қолайлы, сондықтан осы уақытты пайдаланып қалыңыздар. Жақсы демалу үшін күн тәртібін сақтауға тырысыңыздар.

Компьютер алдында көп отырмай, таза ауада қыдырып, ойнап, спортпен шұғылданыңыздар. Күнге күю кезінде күн өтуден сақ болыңыздар. Ағзаның қатты қызып кетуі өте қауіпті!

Ашық ауа бұлауын сағат 8-ден 11ге дейін күн бұлауымен кезек алған жөн. Әр ашық ауа бұлауынан кейін суға түсу қажет, өйткені ағзаны нығайтумен қатар түрлі ауруларды болдырмайды. Үлкендердің көмегімен ағысы ақырын, таяз шомылатын орынды дұрыс таңдау керек.

Есіңе сақта:

  1. Аш қарынға шомылма және тамақтан соң 1-1,5 сағаттан кейін ғана шомылу керек.
  2. Суда балалар қозғалыста болу керек.
  3. Тоңғанда дереу судан шығу қажет.
  4. Дене қызуың жоғары болған жағдайда салқын суға түсуге болмайды.

Өрттен сақ болыңыздар, өрт қауіпсіздік ережесін сақтаңыздар. Демалыс уақытында көше жарақатынан басқа тұрмыстық жарақаттан да абай болыңыздар. Кішілерге қамқорлық танытып, оларды бейтаныс күдікті адамдармен тілдесуге, қатынаста болуына жол бермеуге тырысу керек. Қатаң түрде көшеде, жолда жолда жүру ережесін сақтауларыңызды ескертеміз! Күннің қызуына байланысты эпидемиологиялық кезеңде мерекелік шаралар мен ойын сауыққа барғанда жұқпалы ауру қаупі жоғары екендігі жадыларыңызда болсын. Осы жазғы маусымда демалыстарыңыз есте қаларлықтай қызықты, көңілді, қуанышты, жағымды жаңалықтарға толы болсын! Өздеріңізді және туыстарыңызды сақтаңыздар!