Менің байлығым - тіл
2017 жылдың 24 наурызында №20 лицей-мектебінде 10 К сыныбында үш тілде «Менің байлығым - тіл» атты сыныптан тыс шара өткізілді.Ойын 5 турдан болды. 1 тур - қазақ тіліне, 2 тур - орыс тіліне, 3 тур - ағылшын тіліне арналды, 4 туры - «Жұмбақтар», 5 туры - «Мақалдар» деп аталды. Оқушылар өздерінің фонетикадан, грамматикадан, морфологиядан, өлкетанудан және фольклордан үш тілді білімдерін көрсетті. Екі топ бірыңғай ұпай жинады. Осындай шаралар коммуникативті және интеллектуалды қаблеттерін дамытады.