Шылым шегудің зияны туралы дәріс
Бүгін № 20 лицей-мектебінде 8,9 сынып оқушыларына шылым шегудің денсаулыққа зияндығы жайлы Павлодар қаласының СӨС орталығының маманы А.К.Турарова дәріс өткізді. Дәрістің мақсаты оқушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру, темекінің ағзаға тигізетін әсері және одан туындайтын ауру түрлері, олардың алдын алу шараларын қалыптастыруға бағытталған. Балалар темекінің денсаулыққа зиян келтіретіні туралы білді. Дәріс кезінде алған оқушылардың пайдалы ақпараты, салауатты өмір салтынадеген ынта болды.