Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жиырмасыншы лицеиліктер «EXPO-2017» көрмесінде болып қайтты
03-08-2017 15:45
Жиырмасыншы лицеиліктер «EXPO-2017» көрмесінде болып қайтты

     Біздің лицейдің оқушылары жуырда мамандырылған халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінде болып қайтты. Оқушылар алғаш танысуын ұлттық павильоны «Нұр әлемнен» бастады. Бұл павильонда Қазақстанның өткен тарихымен болашағы туралы ақпаратпен танысты. Бір павильоннан екінші павильонға көше отырып оқушылар «жасыл экономика» алаңында отан ғалымдарымыздың үздік жобаларымен танысты:олар болашақ электромобилдер, биоотынды автомобиль «ақылды үйлер» және де басқа қызықтарға тәнті болды.
Қазақстан павильондарындағы көрсетілімдердің көбі қуат көзін қолдану саласында болашағы мен жетістіктері және сонымен бірге ерекшелігі ұсынылды, яғни экологиялық тазалығы, пайдаланудың төмен бағамен болуы және қоршаған орта үшін зиян болмауы. Ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің павильондарында олардың өкілдерімен ағылшын тілінде сөйлесіп тіл жаттықтыра алды.
Германия және Корея павильондарында әдемі және әсерлі лазерлік шоу, болашақ көліктер оқушыларды қызықтырды. Греция павильонында оқушылар көне Греция туралы видео-дәрісін тыңдады. Сонымен қатар балалар Лесото Корольдігінің Ұлттық күніне арналған мәдени- сауықтыру бағдарламасын тамашалады. Сапардан лицейліктер әсерлерге толы оралды.