Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Кітаппен кездесу» брейн-рингі
27-09-2017 03:25
«Кітаппен кездесу» брейн-рингі

        №20 лицей-мектебінде Тілдер айлығы аясында «Кітаппен кездесу» әдеби брейн-рингі өтті. Әдеби кешке 9А және 10А сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты - оқушы бойында әдебиетке деген қызығышылықты ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ұлттық, әлемдік әдебиетке ену арқылы қатысымдық дағдыларға үйрету. Іс-шара оқушылардың әдеби шығарма авторларын тануға, әдеби үрдістің тарихына үңілуге,алғыр оқушыларды анықтауға бағытталған.
   Оқушылар әдебиет кейіпкерін түр сипаты,сөйлеу мәнері арқылы тануға бағытталған, жазушылардың өмірбаянынан білімдерін, олардың шығармаларының мазмұнын білетіндерін көрсететін ойынға қызу кірісіп кетті. Әсіресе, көнегрек мифтары туралы сұрақтарға «бастарын сындыруға» тура келді. Шығармашылық жұмыстар :өлең шығару,шығармадан көрініс көрсету оқушыларды қатты қызықтырды.9А сынып оқушылары үш ұпай артық алып жеңіске жетті.