2017 жылдың 29 қыркүйек күні қалалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» өтті. Әділ –қазылар алқасы тілдер басқармасының басшысы Мейрам Төлегенұлы, профессор Тұрышев Ахметбек Қасымбайұлы, ақын шөбересі Жүсіпов Ертай Қуандықұлы болды.
Колледж, университет студенттері және мектеп оқушылары, жалпы 25 қатысушы сайысқа шықты. Оған 20 лицей-мектебінің 10 «К» сынып оқушысы Алимхан Ботагөз қатысып, «Жас Талап » номинацияға ие болды. Оқу үш кезеңнен тұрды: ақын өлеңдерін жатқа оқу, діни шығармасын мазмұндау, ақын шығармашығы туралы сұрақтарға жауап беру. Ботагөзді қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Меруерт Сәбитқызы Шоманова дайындады.
30 қыркүйек күні барлық қатысушылар Мәшһүр Жүсіп кесенесіне саяхатқа барды. Бұндай саяхатқа бару қатысушылардың оқуларға деген қызығушылығын оятады.
Жас талап Ботагөзді құттықтаймыз!