Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Рухани жаңғыру» бірыңғай танымдық күні
14-10-2017 07:09
«Рухани жаңғыру»  бірыңғай танымдық күні

     № 20 лицей-мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында бірыңғай танымдық күні өтті. Шараның мақсаты- оқушы бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу, ұлттық сананы қалыптастыру, туған мәдениетіне жақындату.
   8 сынып оқушылары көрсеткен «Асық – games» сабағының мақсаты ұлттық асық ойынын жаңғырту арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін сыйлауға ас салысу.
   9 сынып лицейшілері «Кітап - білім бұлағы» акциясын өткізді. Акция қатысушылары өздерінің сүйіп оқитын шығармаларын әкелді ,кітап көрмесін ұйымдастырып бір-біріне ұсынды. Оқушылар кітап туралы өз пікірлерін білдірді, кітап оқу өте пайдалы, тұлғаның рухани және зиялы дамуына ықпал ететін құрал, білім мен білімпаздықтың бұлағы деген тұжырым жасады.
  10-11 сынып оқушылары «Болашаққа менің көз қарасым» дөңгелек үсел отырысында өмірдің құндылығы, туған жерге қызмет ету ,адам капиталы деген сұрақтарға жауап іздеді.
  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру оқу жылы бойы тоқтатылмай жүргізіліп келеді.