Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Mangilik Cup» І Облыстық Пікір сайыс турнирі
20-10-2017 18:50
    «Mangilik  Cup» І Облыстық  Пікір сайыс турнирі

     Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институты 55 жылдық мерей тойын түрлі іс-шаралармен атап өтуде. Сондай мәнді, қызықты, танымдық іс-шараның бірі «Mangilik Cup» І Облыстық Пікір сайыс турнирі. Турнирдің мақсаты Елбасымыз Н.Назарбаевтың ұсынуымен енгізілген «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жастар арасында насихаттау.
   Турнирге облыс, қала мектептерінің сөз шеберлері қатысты. Біздің мектептің өнерлі оқушылары турнирде өз білімдерін жан -жақты көрсете білді. 9-10 сынып оқушыларынан құрылған команда құрамында Ефремов Дмитрий мен Молдажанов Дидар болды. Олар турнир нәтижесі бойынша ІІІ орынды иеленіп, дипломмен марапатталды. Оқушыларды турнирге дайындаған тарих және қоғамтану пәні мұғалімі Е.Т.Марзатаев Алғыс хатпен марапатталды.