Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Айға ұмтылған шәкірт
21-10-2017 05:13
Айға ұмтылған шәкірт

       «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығында Мағжан оқулары өтті. Жас дарындар конкурсы «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» бағыты бойынша І орынды № 20 лицей мектебінің оқушысы Ахан Жұрағат қанжығасына байлады. І орынға ие болған оқушылар облыстық конкурста қаланың абыройын қорғаған болатын. Қазанның 20 күні облыстық Мағжан оқуларында қаланың абыройын қорғаған Ахан Жұрағат II орынға ие болды. Жұрағатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Меруерт Сәбитқызы Шоманова дайындады. Жұрағат жастайынан өлең шығара бастады. Ол қалалық, облыстық, республикалық оқуларға қатысып, қанжығасына бас жүлде, I, II орындарды иеленіп жүрді. Жұрағат ақындық қабілеті, оның өзінің шығарған «Жырлайды өлеңдерім» атты кітабы 2015 жылы маусым айында басып шығарылды. Бұл кітабында «Жырың жалын, жаулап жанды жылытқан, ұрпағыңа үлестірген ұлық мән»- деп Мәшһүр Жүсіпке арнау жырлаған шумақтарынан Жұрағаттың ақындық қабілетін, сөз шешендігін байқауға болады, әрі бұл кітапта басқа да тақырыптарды қозғай білген. Жұрағат бос уақытында Мағжан Жұмабаевтың, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқып, шығармаларын талдап , ақындарға арнап өлең шумақтарын жазғанды ұнатады. Ол өлең ұйқастарын келтіріп, сөздің майын ағызып, көркемдеп жеткізе алатын қабілет бар. Жұрағаттың тіл байлығы, қазақ тіліне деген сүйіспеншілігі жастайынан дарыған оқушы. Жұрағатты құттықтай отыра келешекте де толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз!