Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Бестіктердің» адам айтқысыз науқаны
25-10-2017 12:50
 «Бестіктердің» адам айтқысыз науқаны

    2017 жылдың 16-20 қазан аралығында өткен Үздік бағалар апталығы қорытындыланды. Апта бойы оқу секторының жауаптылары тізімдеме тапсырып отырды.Тізімдемеде сыныптың оқушылары орташа есептегенде бір сабақтың өзінде 6-дан 13-ке дейін «бестіктер» алғандығы көрсетілген.
     Үздік бағалар апталығының нәтижесі бойынша 10 К сыныбы жеңімпаз атанды. Оларда «үздік» баға 102 санына жетіп, орташа есептегенде сыныптың әр оқушысына 4,25 «бестік» келді.
  Екінші орында 11 К сыныбы, апта ішінде 96 «бестік» алып, әр оқушыға шаққанда 3,69 «үздік»баға шықты. Үшінші жеңіс сатысына 8 Б сынып оқушылары көтерілді. 95 «бестікпен» әр оқушыға 3,52 «үздік» баға жинады. Үздік баға апталығының ең үздік сыныбы болып 10 К сыныбы аталды.
      Ең үздік оқушы болып 10 К сынып оқушысы Назар Қуаныш атап өтілді. Тоқсанның ең үздік оқушысы апта ішінде 11 «бестіктің» иегері болды. 10 «бестікпен» екінші орында осы сыныптың оқушысы Әлімхан Ботагөз. Үшінші орында 9 «бестікпен» Меликова Алина. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Биіктен көріне беріңдер!