«Назарбаев – адам- дәуір»

№20 лицей-мектебінің 10 сынып оқушылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шараға қатысты.Оны Инновациялық Еуразия университеті кітапханасының ғылыми қызметкерлері ұйымдастырды. Оқушылардың назарына «Көшбасшы жолы» көрмесі ұсынылды. «Назарбаев – адам- дәуір» деректі фильмінде Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің еңбек жолы туралы баяндалды.
Лицейшілер дайындаған «Отан туралы толғау» әдеби монтажында туған елге деген махаббат, борыш, абырой мен қадір-қасиет туралы жырлаған Мағжан Жұмабаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері оқылды. Шығармашылық байқаулардың жүлдегерлері Әлімхан Ботагөз,Еремин Данил,Кулик Елена,Садықова Әсия мәнерлеп оқудың шеберлігін көрсетті.