АСТАНА –БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

Өсіп келе жатқан ұрпақ бойында қазақстандық патриотизмді, азаматтық сезімді, тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстанның жетістіктерін насихаттау , ұлтаралық келісім құндылығын қалыптастыру мақсатында № 20 лицей-мектебінде Астананың 20 жылдығын атап өтуге арналған сынып сағаттары өткізілді. Лицейшілер педагогтармен қосылып ұлттың мақтанышы Астана туралы бай материал жинады.Онда Астананың тұрақтылығы,амандығы,үйлесімділігі туралы, біздің мемлекеттің әлеуметтік-экономиялық және саяси жетістігін бейнелейтін материалдар көп.
Сынып сағаттарын өткізу формасы әртүрлі болды: ауызша журнал, виртуалды эксурсия, викторина, дөңгелек үстел, сұхбат.