Облыстық дебат турниріндегі жеңіс

2017 жылдың 9 желтоқсанында ПМПИ өткен облыстық дебат турнирі «Алаш» партиясының 100 жылдығына арналды. Оған қатысқан № 20 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Галкин Олег 3 орынға ие болды.Британ форматында өткен дебатқа С.Торайғыров атындағыПМУ, ИнЕУ, ПМПИ студенттері мен колледж, мектеп оқушылары қатысты.
Қатысушылар кезекпен үкімет ролін, оппозицияны өзеріне шақтап көрді, сендіру, айтысу, пікірін қорғау , дәлелдер келтіру шеберліктерімен жарысқа түсті. Бұл шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өтті.