1991 жылы әлемнің саяси картасында – Қазақстан Республикасы, жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Еліміз өзінің даму жолын бастады, ал 26 жылда бүкіл әлемдік қоғамдастыққа танылды. Қазақстан ядролық қарудан бас тартып, ұлтаралық қатынастар мен достықтың бірегей үлгісін құрған бейбітшіл, толерантты мемлекет ретінде танымал. Осындай тұрақты негізде экономикалық және әлеуметтік салалар қалыптасып, азаматтардың қауіпсіздігі үздіксіз қамтамасыз етіледі. Қазақстанның басты байлығы – өздерінің еңбек жолымен тарихқа және салт-дәстүрге құрметпен қарайтын, Отанымыздың тәуелсіздігін нығайтуға қабілетті адамдар.
Құрметті достар, отандастар, шынайы және ізгі тілектерімізді қабыл алыңыздар, Тәуелсіздік күнімен! Шаңырақтарыңызда бейбітшілік, махаббат пен өзара түсіністік орнасын. Бұл мереке жоғары мақсаттарға қол жеткізуге, болашақ ұрпақтардың, еліміздің игілігі үшін армандардың орындалуына сенімді арттырады!
Бугiн Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін бүкіл ел тойлайды, біз бәріміз тойлаймыз!