Жалпымектептік линейка: жартыжылдық қорытындысы.

№ 20лицей-мектебінде дәстүрлі жалпымектептік линейкада жартыжылдықтың қорытындысы сөз болды, «Озат оқушы», «Озат педагог» номинациялары анықталды. «Озат оқушы» номинациясында қалалық және облыстық пәндік олимпиадалардың,«Ақберен» шығармашылық байқауының жүлдегері, оқу озаты - Әлімхан Ботагөз анықталды. «Озат мұғалім» номинациясында мектеп мұғалімдері рейтингісінде жоғары балл жинаған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.С.Шоманова аталды.