"Дарынды бала"

№20 лицей-мектебінің 11 А сынып оқушысы Тимур Ибрагимовты «Дарынды бала» номинациясына ие болуымен құттықтаймыз. Тимур – шығармашыл тұлға, бала кезінен бимен айналысады. Көптеген сыйлықтардың иегері: «Фиестолония» би байқауының Гран-приі (Испания), «Тау шоқжұлдызы» - І орын (Словакия), «Бозторғай»- ІІ орын (Алматы). ҚР Тәуелсіздік күніне арналған облыстық мәнерлеп оқу байқауында ІІ орын, республикалық қашықтық олимпиадасының АҚҚ бойынша жүлдегері (IIорын ).