
2017-2018 оқу жылында МІБ жоспарына сәйкес және №20 лицей-мектебінің 9,11 сынып оқушыларымен байқау тестілеуін өткізу аясында оқушының жетістігін сырттай бағалау мен қорытынды аттестацияға дайындық жағдайының талдауы жүргізілді.
ОСЖБ- білім ұйымына тәуелді емес оқу сапасын мониторингілеудің бір түрі. Бірыңғай ұлттық тестілеу – жоғары оқу орнына түсудегі іріктеу емтихандарының бір формасы. Директордың орынбасарлары Р.Т.Сулейман мен А.В.Вендерских ҰБТ мен ОСЖБ-ға дайындыққа жетекшілік ететіндіктен осы сұрақтарға терең талдау жасап, мәселелерді анықтай отыра оларды шешу жолдарын ұсынды. Лицей-мектебі түлектерінің ОСЖБ мен ҰБТ-ға дайындық жағдайының талдауы жиналыста
ата-аналарға және оқушыларға жеткізілді.
Оқушылардың ҰБТ мен ОЖСБ дайындығын мектеп әкімшілігі үнемі бақылауда ұстайды.