Дебат турнирі

Павлодар қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығында Павлодар облысының оқушылары қатысқан облыстық дебат турнирі өтті. Дебат өткізудің мақсаты – жастардың бойында жұрт алдында сөз сөйлеу дағдыларын, патриоттық тәрбиені,белсенді азаматтық ұстанымдарын дамыту. Турнирде 16 команда, 30-дан астам қатысушы болды. № 20 лицей-мектебінің командасы турнирде 3-орынға ие болып, жүлдегер атанды.