Жаратылыстану пәндер бірлестігінің онкүндігі
2018 жылдың 12 және 22 ақпан аралығында жаратылыстану-математика ғылымдарының онкүндігі өтуде. Бұл шараның негізгі мақсаты - оқушылардың ойлау қабілетін және шығармашылық белсенділігін дамыту және балалардың информатика, физика, математика, химия, биология пәндеріне деген қызығушылықтары мен ынтасын оятып қана қоймай, коммуникативтік, логикалық ойлау, тапқырлық, интуиция, ой-өрісі, дербестік қасиеттерімен мақсатқа жетуге үйрету болып табылады. Жыл сайын онкүндік барысында түрлі сайыстар мен іс-шаралар өткізіледі.
Осы шара жеке бір топ оқушылардың дайындаған «Ұлы ғалымдар» атты информатика, физика, математика, химия, биология ғылымдарының дамуына ұлкен үлес қосқан ұлы ғалымдар туралы мәліметтермен таныстырудан басталды.