
2018 жылғы 16 наурызда Павлодар қаласы, № 25 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақ халқының «Дауылпаз ақын – ел мақтаны» Махамбет Өтемісұлы шығармашылығына арналған оқуларының қалалық кезеңі өткізілді. Махамбет оқуларының міндеті – Махамбетті және Махамбеттің дәстүрін жалғастырған дарынды ақындардың шығармаларын ұрпаққа таныту, оның жырларын өшірмей, мәңгілікке сіңіру, өскелең ұрпақты қайсарлыққа, батылдыққа тәрбиелеу, еліне, жеріне деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Осы іс –шараға № 20 лицей-мектебінен 2 оқушы қатысып, «Ұлы арман» номинациясы бойынша 8 Б сынып оқушысы Қаратай Нұрбол II дәрежелі диплом, «Мен-Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын!» номинациясы бойынша 9 В сынып оқушысы Тукаев Асанали III дәрежелі дипломына ие болды.
Құттықтаймыз!!!