Ата-аналар жиналысы.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде мектептің ата-аналармен жұмысының біртұтас жүйелі болуы өте маңызды. №20 лицей-мектебінде жақында жалпымектептік ата-аналар жиналысы өткізілді, күн тәртібінде қарастырылған маңызды сұрақтар: үшінші тоқсанның қорытындысы, өрт қауіпсіздігін сақтау оқушының өмір қауіпсіздігі мен денсаулығының кепілі,бала еңбегін қанау мен тұрмыстағы зорлық-зомбылық үшін ата-ананың жауапкершілігі.
Оқу жылы ішінде ата-аналармен кездесу одан әрі өз жалғасын табады.