Неміс тілі олимпиадасының қорытындысы

Қазақстанның Гете институты 5 сәуірде неміс тілінен облыстық олимпиада ұйымдастырып өткізді, тілді меңгеруі А2 және В1 деңгейіндегі оқушылар қатысты. №20 лицей-мектебінің оқушысы Лидия Саенко (10А сыныбы) ІІ орын алды, Темірлан Нұрхан (9 А сыныбы) бесінші орынға тұрақтады. Фрайбург қаласында неміс тілінен өтетін Халықаралық олимпиадаға жуырда өтетін Республикалық олимпиаданың финалында І орын алған оқушылар жолдама алады.